Кірісі ең көп банктер көшін Халық банк бастап тұр

1359

Кірісі ең көп банктер көшін Халық банк бастап тұр

Нарықтағы өзгерістерге қарамастан қазақстандық банктердің кірісі көбейді. 2017 жылдың 1 тоқсанында жалпы кіріс көлемі 204 млрд теңгені құраған. Бұл 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 0,3%-ға жоғары, деп хабарлайды 7kun.kz.

Нарықтағы 33 банктің ішінде 29-ы кіріс бойынша жақсы өсім көрсеткен. Былтыр 34 банктің 31-інің кірісі жоғары болған еді.

Кірісі ең көп банктер көшін Халық банк бастап тұр. Қаңтар-маусым аралығында банктің кірісі 77,7 млрд теңге болғн. Бұл былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 18 млрд теңгеге немесе 30,2% жоғары.

Екінші орында – Қазкоммерцбанк. Биылғы 1 тоқсандық кірісі 34,4 млрд теңге. Алайда соңғы бір жылда 2016 жылмен салыстырғанда банктің кірісі минус 24,6 млрд теңге немесе минус  41,7% қысқарған.

Үшінші орында – өткен 6 айда кірісі 20,4 млрд теңгені құраған Kaspi Bank тұр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 8,1 млрд теңгеге артық. Былтыр бұл көрсеткіш 12,4 млрд теңге болған еді.

Былтыр үшінші орында Ситибанк болған еді. Биыл ол бесінші орынға төмендеп, оның орнына Kaspi жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу