"Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын қолма-қол ақша көрсетілуі тиіс. Бұл ретте, заңнамада 10 000 АЕК-тен астам қолма-қол ақшаны сақтауға тыйым салынбаған. Осыған байланысты жеке тұлғалар ақшаны қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда сақтау мәселелерін, сондай-ақ олардың сомасын өздері шешуге құқылы", - деп түсіндірді МКК.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы бойынша МКД баспасөз қызметі бастапқы декларацияда ҚР шетел елінде тіркелген мүлік пен активтерден басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, инвестициялық алтын, бағалы қағаздар және т. б., сондай-ақ 10 000 АЕК еселенген мөлшерінен (30 630 000 теңге) аспайтын сомадағы қолма-қол ақша көрсетіледі деп хабарлаған.
"Ал бұл мөлшерден асатын сома 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін банктік шоттарда орналастырылуға тиіс", – деп түсіндірген еді МКД.