Мемлекеттік кірістер комитеті салық төлеушілердің салық міндеттемелерін азайту жағдайларын анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Салықтық тексерулер жүргізу мақсатында камералдық бақылау нәтижелері бойынша салықтарды төмендеткен 354 салық төлеушінің қызметіне талдау жүргізді.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 38 салық төлеуші 6,1 млрд теңгеге қосымша декларация тапсырды, оның 2,1 млрд теңгесі өндіріліп алынды. Сондай-ақ, 28 салықтық тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша 1,4 млрд теңге қосымша есептеу көзделуде, ағымдағы күнге олардың ішінде 4 салықтық тексеру аяқталып, нәтижесі бойынша 437 млн теңге қосымша есептелінді", – делінген хабарламада.
Салықтық тексеру тағайындалу кезінде салық төлеушіге 2022 жылдың 4 тоқсанында бұзушылықтардың соммасы 95, 5 млн теңгеге ҚҚС сомасын төмендету бойынша хабарлама жіберілгені анықталды. Бұл ретте салық төлеуші бұзушылықты салық есептілігінің қосымша нысандарын ұсыну арқылы жояды.
"Осылайша, салықты азайту – бұл салық төлеушінің белгілі бір дәрежеде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді азайтуға мүмкіндік беретін мақсатты әрекеттері, бұл оны әкімшілік жауаптылықты қолдана отырып салықтық тексеру нәтижелері бойынша салықтық тәуекелдерге ұшырайтын жосықсыз салық төлеуші ретінде сипаттайды", – деп хабарлады комитет.