Кіші Алматы өзенінде судың лайлылығы төмендеді: су әлі де кестемен беріледі

459

Су жинау сағатына 500 текше метрді құрайды.

Кіші Алматы өзенінде судың лайлылығы төмендеді: су әлі де кестемен беріледі Фото: pixabay

Медеу ауданының оңтүстік бөлігіне суды кесте бойынша беруге қатысты енгізілген мәжбүрлі шаралар сақталуда, деп мәлімдеді 2 тамыз күні "Алматы су" компаниясы. 

2 тамызда су беру мына кесте бойынша жүргізіледі:

сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін – әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;

сағат 19.00-ден 24.00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушылар, оның ішінде "Юбилейный" шағын ауданы, Каменское плато, "Европолис" ТК, "Әлем қалашығы", "Алмалы" ТК, Керей – Жәнібек хандары көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;

 сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 24.00-ден 07.00-ге дейін резервуарларға су жинау жүргізіледі.

"Алматы су"  компаниясы Алматы өңіріндегі аптап ыстықтан Кіші Алматы шатқалында тау басындағы қар жамылғыларының қарқынды еруі Кіші Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне, жағалаулардың шайылуына және жергілікті селге әкеп соқтырды. Өзендегі судың лайлануының жоғарылауы санитариялық нормаларға сәйкес тазарту жүргізуге мүмкіндік бермеді.

1 тамыздан бастап "Алматы су" МКК мамандары жүргізген зертханалық талдаулар тәуліктің түнгі және таңертеңгі уақытында судың лайлану көрсеткіші төмендегенін көрсеткен, бұл көрсеткіштер, Кіші Алматы өзенінен суды осы уақыттарда алуға және тазартуға жіберілетін су көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу