Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді

292

Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.

Кіші Аягөз өзенінде су деңгейі көтерілді Фото: pexels

Аягөз қаласында қардың қарқынды еруіне және күннің күрт жылынуына байланысты Кіші Аягөз өзенінде су деңгейінің көтерілгені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергiлiктi атқарушы органдар Шәкенов және Желтоқсан көшелеріндегі судың деңгейi көтеріліп, арнасынан асуы жағдайына дайындық мақсатында бөгет салу бойынша алдын алу шараларын жүргізуде.

Жұмысқа 14 адам, 6 бірлік техника жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта үйлерді су басу қаупі жоқ. Судың елді мекендерге одан әрі жайылуына жол бермеу үшін қауіпті аймаққа 400 тонна инертті материал жеткізілді. Жағдай күрделенетін болса, Аягөз қаласы ТЖ бөлімінің күштері мен құралдары толық әзірлікте тұр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу