Кіші Талдыкөл бойынша сот отырысы 17 ақпанға шегерілді

1546

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Кіші Талдыкөл туралы кезекті сот отырысын өткізді. Судья Жанар Дүйсенова барлық тарапқа 15 ақпанға дейін бірқатар қосымша мәліметтер беруді тапсырды. 

Кіші Талдыкөл бойынша сот отырысы 17 ақпанға шегерілді Фото: Серікжан Қобыланбаев

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су ресурстары комитетінің өкілі Марат Иманалиевке су қорғау аймағы мен су қорғау белдеулерін белгілеу қажеттігі мен тәртібіне қатысты жазбаша қорытынды беруді тапсырды.

"Сот ісін тыңдауды 17 ақпанға, сағат 11:30-ға қалдырамыз", – деді судья.

Айта кетейік, 27 қаңтарда сот Кіші Талдыкөл туралы сот ісін қайта қозғаған еді. Сотқа "Aqiqat" корпоративтік заңгерлер коалициясы талап-арыз жазған болатын.

"Елорда әкімдігі Кіші Талдыкөл маңында су қорғау аймағы мен белдеуін орнату бойынша шара қабылдамады. Соның салдарынан SAT-NS ЖШС және онымен байланысты құрылыс компаниялары Кіші Талдыкөл көлдері аумағында құрылыс жүргізу туралы "Астана-Технополис" АЭА-мен шарт жасасу мүмкіндігіне ие болған", – деп есептейді талап-арыз иелері.

Жауапкерлер ретінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты мен "Астана - Технополис" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы шақырылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу