Кіші Талдыкөлдің суы тартылған жеріне саябақ салынбақ

663

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалалық мәслихатта Кіші Талдыкөлге қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кіші Талдыкөлдің суы тартылған жеріне саябақ салынбақ Фото: egemen.kz

"Сіздермен бұл мәселені бірнеше рет талқыладық, тіпті сарапшыларды тарттық. Сараптамалық қорытындылар бар. Слайдтарға қарасаңыздар, Кіші Талдыкөлдің жоғарғы жағында су жоқ, осы жылдар ішінде су буланып кеткен. Негізгі бөлігінде су бар. Ондағы су біздің тазарту қондырғыларынан келеді. Нөсерлі кәріз толықтырады. Бұрын жер асты сулары да болған, ал қазір сол жағалаудағы белсенді құрылысқа байланысты судың келуі тоқтаған", - деді А. Көлгінов қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында.

Бас шаһар басшысының айтуынша, әкімдік су тартылған жерде саябақ ашуға ниетті. Қазірдің өзінде 1,5 мың ағаш отырғызылды, күзде тағы 2 мың ағаш егіледі. Учаскенің шамамен 30 гектар периметрі қоршалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу