Кіші Талдыкөлдің суы жартылай құрғатылса, құстардың жайы не болмақ. Экология, министрлігінің өкілі Данияр Тұрғанбаевтың айтуынша, бұл мәселені ботаниктер мен зоологтар, орнитологтар бірлесіп, жан-жақты зерттеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Кіші Талдыкөл мәселесін білікті мамандар, ботаниктер мен зоологтар, орнитологтар бірлесіп, жан-жақты қарастырып жатыр. Өйткені онда келетін қанаттылардың арасында жыл құстары бар. Ол құстардың келетін орнын ауыстырып, басқа жаққа жерсіндірейік деген ұсыныстар айтылып жатыр. Ол ұсыныстардың бәрі зерттелуде. Нақты қорытындысы бойынша ақпаратты кейін береміз", – деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.
Еске сала кетсек, биыл Нұр-Сұлтандағы Кіші Талдыкөл көлін жартылай көміп, орнына тұрғын үй салынатыны туралы ақпарат тарады. Құрылысқа қарсы белсенділерді қолдағандар да, сынағандар да болды. Экологтар Кіші Талдыкөлдің ондаған құс пен өсімдік үшін маңызы бар бірегей табиғи нысан екенін айтып, дабыл қағуда.
Құралай Құдайберген