Кіші Талдыкөлге құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді

1072

Елордада су тасқынына жол бермеудің барлық амалы жасалып жатыр.

Кіші Талдыкөлге құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді

Су тасқынына қарсы шаралар аясында "Астана-Тазалық" ЖШС Майбалық көлінен "Нұра-Есіл" каналына дейінгі қолданыстағы арнаны тазарту бойынша жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ильинка ауданындағы Кіші Талдыкөл көліне құятын құбырлар мен бөгеттерге түгендеу жүргізілді. Ауған Кварталы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды.

Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы ауданында Есіл өзенінің суын өткізу жұмыстарын жүргізді. Газмашаппаратура, Кенесары көшесіндегі көпір аумақтарындағы өткізу құбырларын мұздан тазарту (булау) жүргізілді, шлюздер ашылды. 

Су тасқынына қарсы іс-шаралардың бірі – қар тазалау. Осы маусымда 2 985 000 текше метр қар шығарылды. Бүгінгі күні қар шығару жұмыстары аяқталды. Қалалық су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген суды тартып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу