Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше 2021 жылдың 11 наурызында Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі.
"2021 жылдың 11 наурызындағы "Қазгидрометтің" № 5 Дауылды ескертуінің негізінде жауын-шашынның түсуіне және қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы су алабтарында қар көшкіні жүруі мүмкін екенін хабарлаймыз. Көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы жартастарға шығуға болмайды. Тауда абай болыңыздар", – деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу