"Кішігірім Үндістан": Алматы аялдамасында автобус күткен қалың қауым жұрттың жағасын ұстатты

1766

Қалада адамдар саны артқан ба?

"Кішігірім Үндістан": Алматы аялдамасында автобус күткен қалың қауым жұрттың жағасын ұстатты Фото: Бейнежазбадан

Желіде Алматыда Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысындағы аялдамада адамдар біршама көп жиналып, автобус күтіп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Желі қолданушылары бейнежазба астында Алматыда адам саны тым көп екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.

"Басқа қалада университет жоқтай", "Алматы кішігірім Үндістан", "Автобуспен жүру мүмкін емес. Адам көп", "Қазақстанда Алматыдан басқа қала жоқ па?", "Сабақтан, жұмыстан қайтып бара жатқан жастарға обал", – деп жазды желідегілер.

Аялдамада мұнша көп адамның жиналуына қатысты "Алматыэлектротранс" ЖШС компаниясынан пікір білдірді.

"Абай мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысымен жүріп өтетін №55 маршрутқа күн сайын жұмыс күндері 18 автобус және демалыс күндері 16 автобус шығады", – деп жауап берді компания.

Ал, Алматы қаласы әкімдігі кешкі қарбалас уақытта аялдамада адамдар саны көбейіп кететінін айтты.  

"Метрополитен" КМК ақпаратына сәйкес, кешкі қарбалас уақытта "Бауыржан Момышұлы" станциясынан әр 6 минут сайын 400-ге жуық адам шығады, осыған байланысты аялдама пунктінде адамдар көп жиналады. Алайда, қысқа уақыт ішінде, яғни, әр 2-3 минут сайын автобустар қатынайды. Қазір метроның "Б.Момышұлы" станциясының аялдамасынан Абай даңғылымен батыс бағытта 7 автобус жүреді: № 44, 49, 55, 78, 110, 142, 244, оған 73 бірлік автобус тартылды. Айта кету керек, аялдама пунктінде адамдардың көлік күтіп, көп жиналып қалмас үшін №55 (12-ден 18 бірлікке дейін) және №49 (8-ден 12 бірлікке дейін) бағыттар  күшейтілді", – делінген хабарламада.

2024 жылдың соңына дейін басқарма қала маңы бойынша жаңа 20 бағытты ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, келесі жылдың соңында "Қалқаман" станциясын ашу жоспарда бар екен. Ведомствоның мәліметінше, желі батыс бағытта "Барлық" базарына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу