Кишинеу ЕАЭО-мен ынтымақтастықтың "жол картасын" қабылдауға дайын

950

Кишинеу ЕАЭО-мен ынтымақтастықтың "жол картасын" қабылдауға дайын

Молдавия  ЕАЭО-мен ынтымақтастықтың "жол картасын" әзірлейтін болса, онда 2014 жылы қол қойылған ЕО-мен қауымдасу туралы келісімнің күшін жоюы мүмкін, деп мәлімдеді тілшілерге Мәскеуде сапармен жүрген  республика президенті Игорь Додон. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлады.

"Келесі қадамды жасау үшін – ол Еуразиялық экономикалық одақпен  ынтымақтастықтың жол картасы –  ЕО-мен қауымдасу туралы  келісімнің кейбір ережелерін қайта қарау қажет, немесе 2014 жылы қол қойылған  ол құжаттың күшін қоюға тиіспіз", – деді  ол Мәскеуде ЕАЭО басшысымен болған кездесуден соң.

Сонымен қатар ол шағын елдерге олардың пікірін ескеретін, мәселен ЕАЭО секілді ұйымдармен ынтымақтастық орнату қызғылықты екенін атап өтті.

"Молдова секілді шағын елдерге пікірі ескерілетін ұйымдарға қатысу тиімді", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу