Кішкентай балаға хижама жасаған факт бойынша тергеу басталды

594

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. 

Кішкентай балаға хижама жасаған факт бойынша тергеу басталды Фото: google

Айта кетсек бұған дейін әлеуметтік желіге емшектегі балаға хижама жасап жатқан баланың видеосы тараған еді. Кадрда кішкентай баланың басын бірнеше жерден тіліп жатқанын байқауға болады. Ал бала қиналып жылап жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл әрекетті қатаң сынап жатыр. Видео Атыраудан тарағаны айтылып жатыр.

Бүгін бұл дұрыс па, әлде бұрыс па деген сұрақты журналистер министрдің өзіне қойды.

"Менің пікірім: қазіргі таңда дәстүрден тыс медицинамен айналысатын адамдар медицина қызметін көрсететін болса, өз ісін лицензиялауы керек. Қазіргі таңда лицензияланған медицина қызметіне хижама жатпайды. Сол себепті аталған факт бойынша комитет тергеу жүргізетін болады. Алдағы уақытта мәселені тереңірек қарастырамыз", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу