Кішкентай блогер Әмина Малғаждар Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына ие болды

975

Nickelodeon жыл сайынғы Kids Choice Awards премиясының жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кішкентай блогер Әмина Малғаждар Nickelodeon Kids Choice Awards марапатына ие болды Фото: inform.kz

Әлемдік супер жұлдыздармен қатар, Nickelodeon Kids' Choice Awards марапаттарын аймақтық номинацияларда әлемнің түрлі елдерінен қатысқан инфлюенсерлер де алды.

Осы жылы аталмыш жүлденің тарихында алғаш рет "Сүйікті қазақстандық инфлюенсер" номинациясында дауыс беру жүргізілді. Жүлде Әмина Малғаждарға (Аминка Витаминка) бұйырды. YouTube желісінде Аминканың жұмысын 5,52 млн адам бақылайды, ал оның Instagram парақшасында 1,3 млн оқырманы бар.

"Мен үшін бұл марапаттың мәні ерекше, себебі Nickelodeon арнасы шығармашылығымды дамытуға қанаттандырды. Бірде Nickelodeon-ды көріп отырып анама: "Мені де теледидардан көрсетсе екен", - дедім. Дәл осы сөзден кейін ата-анам менің бала күнгі арманымды орындау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Мені қолдап, дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын", - дейді Әмина Малғаждар.

Бұған дейін салтанатты рәсім тарихында алғаш рет Қазақстаннан "Сүйікті қазақстандық инфлюенсерлер" номинациясы бойынша төрт үміткер: Алина Ким (Homa), Амина Малгаждар (Аминка Витаминка), Жасмин Сайделдинова (Jessysclick) және Батыр (Batyr White) сайысқа түсетіні хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу