Кісі өліміне кінәлі деструктивті діни ағым өкіліне үкім шықты

1254

Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалды.

Кісі өліміне кінәлі деструктивті діни ағым өкіліне үкім шықты

Қызылордада жат ағымның өкіліне шығарылған үкім күшіне енді

Қызылордада деструктивті діни ағым ұстанушы 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. 
Полиция департаменті  баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы Қызылорда қаласы, Қыдыров көшесінде орналасқан үйде бір азаматтың мәйіті табылған еді. Мәйітте зорлық-зомбылықтың белгілері болған.

Қызылорда облысының полиция департаменті қызметкерлері жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, аталған қылмыс бойынша күдікті ретінде облыс орталығының 37 жастағы тұрғыны ұсталып, қамауға алынған.

"Ұсталған азаматтың жеке басын анықтау барысында, оның деструктивті діни ағым ұстанушысы екендігі белгілі болды. Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, айыпталушы азаматтың аталған қылмысқа тікелей қатысы бар екендігі анықталып, қылмыстық іс-әрекеті толық әшкереленді", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта айыпталушы азамат Қызылорда қалалық №2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, оған 8 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан  айыру жазасы тағайындалды. Үкім күшіне енді.

Ескендір Ертай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу