Кісі өлтірген күдіктінің қылмысын жасырмақ болған полиция қызметкерлері жазаланды

1590

Қылмыстық іс адам өлтіру қылмысына қайта дәрежеленіп, осы қылмысты жасаған Ю.Тарасов тергеу изоляторына қамалды.

Кісі өлтірген күдіктінің қылмысын жасырмақ болған полиция қызметкерлері жазаланды

Адамның кісі қолынан қаза тапқанын жасырғысы келген полиция қызметкерлері сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Биылғы жылдың ақпанында аса ауыр қылмысты жасырғаны және адам өлімі бойынша тергеу кезінде әрекетсіздік танытқаны үшін Түркістан қалалық полиция басқармасының тергеушілері: А.Калдибеков, Е.Калиев және осы басқарманың тергеу бөлімінің басшығы М.Сарманов ұсталған еді.

Аталған лауазымды тұлғалар соттың санкциясымен қамауға алынды.

Олар В.Сухаревті өлтіру дерегінің нақты белгілері болуына, сондай-ақ күдікті тұлғаның анықталуына қарамастан, күдіктіні ұстап, қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін шара қолдынбаған деп айыпталды. Айыпталушылар деректерді жасырып, тергеуді криминалды емес оқиға ретінде жүргізген.

Прокуратура органдарының араласуынан кейін, қылмыстық іс адам өлтіру қылмысына қайта дәрежеленіп, осы қылмысты жасаған Ю.Тарасов тергеу изоляторына қамалды.

Полиция департаменті басшысының бұйрығымен Түркістан қалалық полиция басқармасы басшысының орынбасары атқарып отырған лауазымынан шеттетілді.

Қылмыстық істі тергеп-тексеру Түркістан облысының арнайы прокурорларына жүктеліп, тергеу барысы бас прокуратураның бақылауына алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу