Кісі өлтіргенін жасыру үшін мәйітті үйімен бірге өртеген күдікті ұсталды

837

Остроумова көшесіндегі үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама "101" пультіне кешкі сағат 21:00 шамасында келіп түсіпті. Өртенген үйден ер адамның мәйіті табылған, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Кісі өлтіргенін жасыру үшін мәйітті үйімен бірге өртеген күдікті ұсталды

Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Мейірхан Жаңабаевтың айтуынша, мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалған.

"Кейін бұл – үйдің иесі, 38 жастағы К. есімді азамат екендігі анықталды. Бұрын жүк көлігінің жүргізушісі болып жұмыс істеген. Бірақ денсаулығына байланысты бірнеше айдан бері еш жерде жұмыс жасамаған. Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, адамның өліміне – мойынның кесілген жарақаты, сол жақтағы кеуде тұсындағы пышақ жарақаты, іштің және сол жақ бұғана аймағындағы еніп кеткен пышақ жарақаттары және одан кейінгі мәйітті өртеу себеп болға", – дейді Мейірхан Жаңабаев.

Тергеу барысында қылмысты жасаған адам анықталған. 44 жастағы азамат жәбірленушінің үйіне қонаққа келіп, екеуі ішімдік ішкен. Кейіннен жанжалдасып, қонақ үй иесін пышақтаған.

"Қылмыстың ізін жасыру үшін күдікті үйге өрт қойған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Жауап алу кезінде ұсталған адам, ас үй пышағын бірінші болып үй иесінің ұстағанын, ол оның қолынан жұлып алып, оған бірнеше рет өлімші соққылар жасағанын айтты. Кісі өлтірудің нақты мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады", – деді М. Жаңабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу