17 жыл бойы кісі өлтіру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша іздеуде болған Қазақстан азаматы Литва Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
2007 жылы күдікті сыбайласымен бірге заңсыз жолмен баю мақсатында Алматы қаласына келген. Олардың қылмыстық әрекеті өзге қылмыстық топ өкілдерімен жанжалға әкеліп, соның нәтижесінде олардың бірін өлтіруге шешім қабылдаған.
– 2008 жылдың 19 мамырында күдіктілер өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып, жәбірленушіні өз үйінің ауласында тосып алып, оған бірнеше рет оқ атқан. Соңғы оқ басынан тиген, яғни "бақылау" оқ болған.
Алынған жарақаттардан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.
Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілердің бірі ұсталып, кейін сот үкімімен сотталды, ал екіншісі жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Жазадан жалтару мақсатында күдікті анкеталық деректерін өзгертіп, Еуропа аумағында жасырынған, – делінген ресми мәліметте.
Десе де, ол 2025 жылғы тамыз айында Литва Республикасының шекарасын кесіп өту кезінде ұсталды. Кейіннен Бас прокуратураның сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып отыр.
Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталып отырған қылмыстар үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес он жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру, мүлікті тәркілеу түріндегі жаза көзделген.