Кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыс ізі суымай ашылды

706

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, өткен аптада ел аумағында 3031 қылмыс тіркелді.  

Кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыс ізі суымай ашылды

"1977 қылмыстың беті ашылды. Оның ішінде полицейлер кісі өлтіруге қатысты 10 қылмыстың, сондай-ақ адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіруге қатысты 6 қылмыстың ізін суытпай ашты", – деді Нұрділдә Ораз. 
Ресми өкілдің айтуынша, 2 қарақшылыққа, 29 тонауға, 463 мүлік ұрлауға қатысы бар күдіктелер шұғыл анықталған. 

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу