Қазақстан Республикасының Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Армения Республикасындағы Елшілігінің көмегімен бұрын бірнеше рет сотталған және кісі өлтіруге оқталғаны үшін жазалау мақсатында Қазақстан азаматын Ереваннан экстрадициялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың қыркүйегінде Петропавл қаласында аталған тұлға мас күйінде бұзақылық ниетпен жәбірленушіге пышақпен бірнеше рет жарақат салған. Зардап шеккен адам шұғыл медициналық көмекті арқасында аман қалды.
Қылмыс жасағаннан кейін қаскөй ізін суытып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Өткен жылдың қазан айында ол Армения аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланды.
"Ол енді жасаған қылмысы үшін мүлкін тәркілеу арқылы он бес жылдан жиырма жылға дейiн не өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген хабарламада.