Кітап бағасы бір жылда 5% өскен

1452

Түркістан, Алматы және Ақмола облыстарында кітаптар айтарлықтай қымбаттаған. 

Кітап бағасы бір жылда 5% өскен

2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша кітап бағасы жылдық динамикада шамамен 5% көтерілген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша баспа қызметтерінің көлемі 7,7 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 14,1% артық. Саладағы нақты өсім – 9,8%. 

2020 жылы осы кезеңде баспалар 6,8 млрд теңгеге қызмет көрсеткен, бір жылда минус 16,1%. 

Сектордағы көрсетілетін қызметтердің жалпы көлемінің үштен бірі Нұр-Сұлтанға тиесілі: 2,9 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 35,6% артық.

Үздік үштікке Алматы (1,8 млрд теңге, бір жылда минус 15,6%), Атырау облысы (441,2 млн теңге, бір жылда плюс 18,4%) енді. 

Батыс Қазақстан облысы салада қызметтің ең аз көлемін ұсынған: барлығы 35,2 млн теңге, бір жылда минус 66,7%.

Ең үлкен жылдық өсім Қызылорда облысында тіркелді: 265,9 млн теңге, өсім 2,9 есе. 

Сектордағы қызметтердің басым бөлігі газет шығару саласында көрсетілді: 3,3 млрд теңге, бір жылда плюс 1,8%. 


Журналдар мен мерзімді басылымдарды шығару қызметі 966,2 млн теңге болды, өткен жылмен салыстырғанда 6,1% аз.

Үшінші орында кітап шығару қызметі. Мұнда 528,5 млн теңгеге қызмет көрсетілген, бір жылда плюс 40%. 

2021 жылғы шілденің қорытындысы бойынша кітап бағасы жылдық динамикада 4,7% өскен.

Түркістан облысында кітап бағасы бір жылда 15,7% көтерілген. Сондай-ақ кітап Ақмола (бір жылда плюс 14,6%) және Алматы ( бір жылда плюс 9,7%) облыстарында қымбаттаған, ал Жамбыл және Маңғыстау облыстарында кітап бағасы өткен жылмен салыстырғанда тұрақты.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу