Талдықорғанда Reading Zhetysu жобасы жүзеге асты. Енді кез келген оқырман қалаған кітабын арнайы аппараттан тегін ала алады. Бірақ ол үшін бес сұраққа жауап беруге тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кітаптар кәдімгі сусын, шоколад сатылатын вендинг аппаратының ішіне қойылған. Бірақ IT маманы Айбар Қасенхан құрылғының ішкі бағдарламасын толықтай ауыстырғанын айтады. Яғни, кез келген оқырман кітапты алу үшін ақша төлемейді, оның орнына бес сұраққа жауап беруі қажет. Әр сұраққа жауап беру үшін 30 секунд уақыт беріледі.
"Арнайы аппаратқа 100 сұрақ енгіздік. Оның басым бөлігі біздің елмен тікелей байланысты. Бағдарламаны орнату үшін шамамен бір айдай уақыт кетті", - деді Айбар Қасенхан.