"Қиын кезеңнен өттік". Жазира мен Жанболат сезімді суытпаудың құпиясын айтты

4619

Жұлдызды жұптың отау құрғандарына 27 жыл болған.

"Қиын кезеңнен өттік". Жазира мен Жанболат сезімді суытпаудың құпиясын айтты Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Елімізге танымал жұлдызды жұп Жазира мен Жанболат "Жарқын жүздесу" бағдарламасында отбасындағы құндылықтар жайлы айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Отбасылық жұп бір-бірін танығанына 29 жыл, отау құрып, бірге тұрып жатқандарына 27 жыл болғанын айтты.

"Жазира екеуіміз отбасын құрған соң, қиыншылықты да, қуанышты да бірге бөлістік. Ащыны да, тәттіні де бірге көргеннен болу керек сезіміміз суымады. Отбасы құрамыз,  балалы-шағалы болайық деп алдымызға мақсат құрдық. Қиын кезеңдерді де бірге өттік", - деді Жанболат Ербатыров.

Өз кезегінде Жазира жұбайының жақсы қасиеттеріне тоқталды.

"Жанболат, кез келген уақытта мені сендіре алады, көндіре алады, тыңдата алады. Алғаш отбасын құрғанда Жанболат маған ештеңе уәде еткен жоқ. Ол анасын қатты құрметтейтіні мені баурап алды. Осындай ер азаматтан туған бала да мені құрметтейтін болады, деп ойладым", - деді Жазира Байырбекова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу