Қиын жағдайға тап болған отбасылар 3 жыл тегін тұра алатын үй салынады

973

Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтің бастамасымен Шымкентте "Халық берекесі" жобасы жүзеге асырылады.  

Қиын жағдайға тап болған отбасылар 3 жыл тегін тұра алатын үй салынады

"Халық берекесі" жобасы аясында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылар үшін уақытша тұруға көпқабатты үй салу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен өткен мәжіліс барысында мәлім болды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
 
Ерғали Білісбековтің түсіндіруінше, қиын жағдай тап болған отбасылар 3 жыл бойы ол үйде тегін тұра алады. Бұл уақыт аралығында отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, бүлдіршіндер балабақшамен, мектеп жасындағы балалар қосымша курстармен қамтылып, арнайы мамандардың қызметімен жәрдемақыларды рәсімдеу мен жұмыспен қамту шаралары қарастырылмақ.

"Уақытша баспана тағдыр тәлкегімен өмірлік қиын жағдайға душар болған отбасылдарға пана болары сөзсіз. Бірақ, өзіміздің қазақи тәлім-тәрбие беретін шаңырақ болуға тиіс. Батысқа еліктеп ұлттық құндылығымызды жоғалтпайық. Сол себепті көпқабатты үйдің құрылысымен қатар әлеуметтік қолдау көрсету жобасын қадағалайтын боламыз",– деді қала әкімінің орынбасары Ерғали Дәулетбекұлы.


 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу