"Қиындықтардан қорықпаймыз": Қытай АҚШ-тың тарифтік саясатына қатысты жауап берді

139

Бейжің Вашингтонның шешімдерін айыптап отыр.

"Қиындықтардан қорықпаймыз": Қытай АҚШ-тың тарифтік саясатына қатысты жауап берді Фото: CiberCuba

Қытай үкіметі АҚШ-тың кедендік баждарды енгізуіне байланысты ұстанымын жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жақында Вашингтон барлық сауда серіктестеріне, соның ішінде Бейжіңге қарсы кедендік баж салығын енгізді. Сарапшылар бұл қадам Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелерін өрескел бұзады деп отыр. Қытай үкіметі осындай әрекеттерді қатаң айыптады.

Бейжіңнің мәлімдемесінде көрсетілгендей, Ақ үйдің шешімі негізгі экономикалық заңдар мен нарықтық ұстанымдарға қайшы. Себебі бұл қадам көпқырлы сауда келісімдеріндегі нәтижелерді ескермей отырып жасалған.  

Қытай АҚШ қолданыстағы халықаралық сауда-экономикалық тәртіпті бұзу үшін кедендік баждарды пайдаланып отыр деп есептейді. 

"Мұндай әрекеттер халықаралық қауымдастықтың тарапынан қарсылықтың пайда болуына әкелетіні сөзсіз. Біз қақтығыстарды туындатып отырған жоқпыз, алайда қиындықтардан да қорықпаймыз. Қысым мен сес көрсету – Қытаймен қарым-қатынас орнатудың тиімді тәсілі емес. ҚХР өзінің егемендігін, қауіпсіздігі мен даму мүдделерін қорғау үшін нақты шараларды қабылдап жатыр", - делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу