Катапульттің көмегімен секіріп түскен олар теңізден табылыпты. Ресми органдардың хабарламасына сай, суға тек 1 әуе кемесі түскен, екіншісі істен шыққан қозғалтқышпен жер бетіне қоныпты, деп хабарлайды Atameken Business.
Жойғыш көліктердің соқтығысы Хурба аэродромынан жоспарлы ұшу барысында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақтар Хабаровск аймағы мен Сахалин аралығындағы Татар бұғазына құлапты. Көпфункционалды бомбалаушы-жойғыш Су-34 ұшағы әуедегі, жер үстіндегі әрі судағы нысандарға соққы жасайды. Экипажы 2 адамнан тұратын әуе көлігі кез келген ауа райында ұшып-қона алады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу