Қиыршық тас өндірісі халық наразылығын тудырды

1268

Маңғыстау облысының Шетпе ауылында бірнеше жылдан бері тұрғындар мен қиыршық тас өндіруші кәсіпкерлер арасында дау бітер емес.  

Қиыршық тас өндірісі халық наразылығын тудырды

Ауыл тұрғындары карьердегі жарылысқа, шаң көтерілуіне, жүк тиелген көліктердің автожолға келтіріп жатқан зияны жөнінде шағым жасауда. 

"Жиі-жиі тасты жарады. Шаң көтерілгенде далаға шығып, демалудың өзі қиынға соғады. Тыныс алу мүшелерінің сырқатына ұшырадық. Балалардың өкпесі шаңға толды. Тас тасыған көліктерге тыным жоқ. Әбден мазамызды қашырды", – дейді ауыл тұрғыны Гүлбаршын апа. 

Шенеуніктер карьер иелеріне жұмыстарын қатаң заң талаптарына сай, халыққа зиян келтірмей жұмыс істеу керек екенін бірнеше рет қадап айтты. Бірақ нәтиже шамалы.

Мемлекеттік орган басшылары аталған  мәселені шешу үшін ұсыныстар әзірлеу туралы тапсырма алды. Кәсіпорындар жұмыс орындарын құрып, жергілікті бюджетке салық төлеуі тиіс. Бұл жұмыстар өркениетті жүргізілуі керек деген талап қойылды. 

Сондай-ақ өндіріс маңына онлайн-бейнекамера орнатып, шыға беріс жолға жүк көліктерінің салмағын өлшеп, қозғалысты бақылайтын пунктер қою туралы ұсыныс айтылды.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу