Ведомство мәліметіне сәйкес, екі жылжымалы айлақ құрылғысын пайдалануды қайта бастау мерзімі тендерлік рәсімдерді өткізіп, болашақ мердігермен шарт жасасу қорытындысынан кейін ғана белгілі болады. Бұдан бөлек КҚК аталған жылжымалы айлақ құрылғыларының (ЖАҚ) жүк жүйелерін жууға арналған екі танкерге тапсырыс берген.
"Бұл танкерлер жақын арада әкелінеді деп күтіліп отыр. Ең алдымен ЖАҚ-2 жүк жүйесін жуу жоспарланып отыр", – делінген Энергетика министрлігінің хатында.
Айта кету керек, 22 тамызда Каспий құбыр консорциумы ЖАҚ-1 және ЖАҚ-2 пайдалануды тоқтатқан болатын.