КҚК арқылы мұнай экспортты қашан қалпына келтіріледі?

Бұл туралы Энергетика министрі айтты. 

КҚК арқылы мұнай экспортты қашан қалпына келтіріледі? Фото: primeminister.kz

Энергетика министрі Болат Ақшолақов қазақстандық мұнайды экспортқа шығару мерзімін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Каспий құбыр консорциумы жағдайына сәйкес, сіз Қара теңіздегі дауылдың қалай болатынын көрдіңіздер.  Объективті түрде ауа-райына байланысты проблемалар бар, әрине, мұндай жағдайда мұнай жөнелту мүмкін емес, бұл қауіпті. Әзірге біз бейсенбі күні синоптиктердің болжамы бойынша сағат 16:00 шамасында қалыпты ауа райы қалыптасады деп күтеміз, бұл танкерлердің акваторияға кіруіне мүмкіндік береді", – деді Болат Ақшолақов Үкімет кулуарында.

Еске сала кетсек, бұған дейін КҚК ауа райының қолайсыздығына байланысты мұнайды жөнелтуді тоқтатқаны хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу