КҚК басшылығы шабуыл жасалған Теңіз терминалы нысандарын аралады

Бұл туралы Каспий құбыр консорциумының әлеуметтік желідегі парақшасы жазды. 

КҚК басшылығы шабуыл жасалған Теңіз терминалы нысандарын аралады Фото: КҚК

Компания басшысы жағалау инфрақұрылымдарының және Теңіз терминалының резервуарлық паркінің жай-күйін тексерген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, 20-21 қаңтар күндері Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань Новороссийск маңында орналасқан консорциумның Теңіз терминалы нысандарына жұмыс сапарымен барған. 

Сапар барысында КҚК-ның ВПУ-3 қашықтағы айлақ құрылғысын жөндеу жұмыстарының қорытынды кезеңіне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қараша айының ортасынан бері күрделі метеорологиялық жағдайларда аталған құрылғыда жүк жүйесіне тиесілі суасты заттарын ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, бас директор КҚК-ның ВПУ-2 қашықтағы айлақ құрылғысының жүзу қабілетін қалпына келтіру және оны демонтаждауға дайындау бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын бақылап шыққан. 

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 29 қарашасында бұл құрылғы экипажсыз катер арқылы жасалған шабуыл салдарынан зақымданған болатын. 

Сондай-ақ, сапар барысында түрлі қауіп-қатер туралы дабыл беру сигналдары кезінде әрекет ету алгоритмдеріне ерекше көңіл бөлінді. Бұл ретте қызметкерлердің қауіпсіздігін, барлық жұмысшының өмірі мен денсаулығын қорғау басымдық ретінде қарастырылды.

Сапар қорытындысы бойынша КҚК Теңіз терминалындағы барлық нысан мен жабдықтардың тиісті жағдайда екені, ал қызметкерлер мен мердігер ұйым өкілдерінің қойылған міндеттерді орындауда жауапкершілік танытып, кәсіби даярлық деңгейінің жоғары екенін көрсетіп отырғаны атап өтілді.

Бұған дейін Энергетика министрлігі КҚК теңіз терминалындағы жағдайға түсініктеме бергенін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу