КҚК-да қазақстандық мұнайды тасымалдау қайта басталды

305

Бұл туралы Консорциумның телеграм арнасында хабарланды.

КҚК-да қазақстандық мұнайды тасымалдау қайта басталды Фото: inbusiness.kz

Бүгін Каспий құбыр консорциумының Қара теңіз жағалауындағы терминалында мұнайды ауыстырып тиеу қалпына келтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ауа райының жақсарғаны Каспий құбыр консорциумына 2024 жылғы 17 қаңтарда теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жүк жөнелтушілерден мұнай қабылданып жатыр", - деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Қазір Қара теңіз жағалауындағы терминал мен "Теңіз-Новороссийск" мұнай құбыры штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Каспий құбыр консорциумы қазақстандық мұнайды тиеуді және қабылдауды тоқтатқанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу