КҚК-дағы шабуыл: Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді

102

Ведомство қазақстандық мұнай экспортына қатысты жағдайдың тұрақты екенін мәлімдеді.  

КҚК-дағы шабуыл: Энергетика министрлігі ресми түсініктеме берді Фото: portnews.ru

Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Ресей аумағында орналасқан теңіз терминалына жасалған дрон шабуылына қатысты ресми хабарлама таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта КҚК жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау және теңіз терминалынан жөнелту жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, қалыпты режимде жүргізіліп жатыр.

"25 қарашадағы оқиғаға қатысты: қолда бар деректерге сай, теңіз терминалының әкімшілік корпусы зақымданған. Бұл жағдай өндірістік процеске әсер еткен жоқ. Қазақстан аумағындағы учаскеде жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау шектеусіз жүргізіліп жатыр", – деп түсіндірді министр кеңесшісі – Энергетика министрлігінің ресми өкілі Әсел Серікбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу