КҚК-дағы жөндеу жұмыстары қазақстандық мұнайды жөнелту мен тасымалдауға әсер етпейді

570

Қазіргі уақытта консорциумының екі байлау қондырғысында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

КҚК-дағы жөндеу жұмыстары қазақстандық мұнайды жөнелту мен тасымалдауға әсер етпейді

Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалындағы жөндеу жұмыстары кезінде Қазақстан мұнайын жөнелтуде қиындықтар жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дәурен Қарабаев арнайы брифингте осылай деп мәлімдеді. 

"Қазіргі уақытта Каспий құбыр консорциумының екі байлау қондырғысында жөндеу жұмыстарын жүргізәлуде, үшінші блок қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. "ҚазМұнайГаз" мұнайды жөнелтуде ешқандай қиындықтарға тап болып отырған жоқ. Тасымалдау мүмкіндігі қазіргі өндіріс көлеміне сәйкес келеді және қанағаттандырады", – деді Қарабаев. 

Еске сала кетсек, 22 тамызда КҚК үш қашықтан байлау қондырғысының екеуінің жұмысын тоқтатты. Ресей аумағы арқылы өтетін КҚК Қазақстан мұнайының негізгі экспорттық жолы. Құбыр арқылы мұнайдың 80%-дан астамы сыртқа тасымалданады. Бұған дейін ол 20 жылдан астам ақаусыз жұмыс істеп келді. Соңғы бір жыл ішінде жүйе әртүрлі сыртқы факторларға байланысты шектеулерге тап болды. 

Құралай Құдайберген 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу