6 ақпанда Қалмыкия Республикасындағы "Комсомольский" мұнай құбыры стансасындағы КҚК құбыр желісі жүйесіне "Лукойл" компаниясының алғашқы миллион тонна мұнайы қабылданды. Консорсиумның пайдалану департаменті мамандарының айтуынша, бұл өндірістік меже еңбекті қорғау, өнеркәсіп және экологиялық қауіпсіздік талаптары толықтай сақталып еңсерілген.
Естеріңізге сала кетейік, Каспий теңізінің қайраңында орналасқан ресейлік екі кен орнынан мұнай Теңіз – Новороссийск құбыр желісі жүйесіне 2016 жылдың 1 қазанынан бері түсіп жатыр. Консорциум 2017 жылы аталған кен орнындарынан 5,4 млн тоннадай мұнай айдауды көздеуде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу