КҚК маңында тағы шабуыл: грек операторының танкеріне дрон арқылы соққы жасалды

523

Bloomberg агенттігі шабуыл жексенбі күні болғанын хабарлады.    

КҚК маңында тағы шабуыл: грек операторының танкеріне дрон арқылы соққы жасалды Фото: dataportuaria.com

Грекиялық компанияның басқаруындағы мұнай танкері Қара теңіздің Ресейге қарасты бөлігінде шабуылға ұшырады. Оқиға Қазақстанның экспорттық мұнайының елеулі бөлігі өтетін Каспий құбыр консорциумының терминалына жақын жерде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттіктің мәліметінше, танкерге жексенбі, 16 тамыз күні Новороссийск маңындағы Каспий құбыр Консорциумының терминалында ресейлік мұнай партиясын тиегеннен кейін шабуыл жасалған. Танкер Skiros Suezmax класына жатады және шамамен 1 млн баррель мұнай тасымалдай алады.

Оқиға КҚК теңіз терминалының жұмысына қаншалықты әсер еткені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. 

Шілде айының соңында Financial Times газеті жазғандай, АҚШ вице-президенти Джей Ди Вэнс Украина президенті Владимир Зеленскийден КҚК инфрақұрылымына және Новороссийск портына кіретін танкерлерге соққы беруді тоқтатуды сұраған еді. Ресми Киев КҚК инфрақұрылымына және терминалға бағыт алған ресейлік емес кемелерге соққы жасамауға келіскен. Алайда бұл келісім Украина санкцияларына іліккен немесе ресейлік жүк тасымалдайтын кемелерге қатысты емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу