Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау станциясы мамыр айының соңына дейін жұмысын қайта бастайды

108

Ақпан айында дрондар шабуылынан зардап шеккен "Кропоткинская" мұнай айдау станциясы мамырдың аяғында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Каспий құбыр консорциумының (КҚК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Каспий құбыр консорциумының мұнай айдау станциясы мамыр айының соңына дейін жұмысын қайта бастайды Фото: ТАСС

КҚК хабарлауынша, нысанда жөндеу жұмыстары жалғасуда. 

Шабуыл 17 ақпанға қараған түні болды. Ресей билігінің мәліметінше, Краснодар өлкесіндегі станция 7  ұшқышсыз ұшақтың шабуылына ұшыраған.

Соның салдарынан "Кропоткинская" шұғыл түрде тоқтатылып, Теңіз-Новороссийск бағытымен апаттық схема бойынша мұнай тасымалдау бағыты өзгертілді.

Тигізілген зақым көп болып, "Транснефть" жөндеу жұмыстары екі айға созылатынын ескертті. Бұл шабуыл мұнай тасымалы көлемінің 30%-ға дейін төмендеуіне әкелуі мүмкін деген болжам жасалған еді. 

Украина Бас штабы Краснодар өлкесіндегі мұнай инфрақұрылымы нысандарына, соның ішінде Ильский мұнай өңдеу зауытына, "Кропоткинская" мен "Андреаполь" станцияларына соққы берілгенін растады. Оқиға орнында ауқымды өрт тіркелді.

Алайда, КҚК қалпына келтіру жұмыстары кесте бойынша жүріп жатқанын және станцияның мамыр айында штаттық режимде іске қосылатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу