Енді қазақстандықтар өзге банктің клиенті бола тұра, кез келген банктің интернет-қызметін пайдалана алады. Бұл туралы интернет-бизнес ассоциациасының басшысы Константин Горожанкин айтты, деп хабарлайды LS.
Оның айтуынша бас банк OpenAPI* бағдарламасын ендіруге бастама көтеріпті. Қазір банк пен ФинТех ұйымдарының өкілдерінен топ құрылып жатыр.
"Бізге әлі көп нәрсені талқылау керек, бірақ меніңше, бұл өте тиімді. Сіз Visa болса, қай жерде болсын төлем жасай аласыз. Бірақ бір банктің карточкасымен сіз тек сол қаржы институтының интернет-банкингін ғана пайдалану керексіз. Бұл өте тиімсіз. Ұлттық банктің мақсаты – клиентке мүмкін болған интернет-қызметін пайдаландырумен шектемей, кез келген қаржы институның алаңында жұмыс жасауына мүмкіндік жасау. Бұл мобильді банкингті ыңғайлы ететін көптеген қаржылық техникалық жобаларға жол ашады, клиенттерге де ыңғайлы бола түседі", - дейді ол.
Сарапшы қазақстандық банктердің e-commerce нарығына белсенді қатыса бастағанын айтты. Соның бірі, тұрмыстық техника сатылымының 70 пайызы Kaspi Red арқылы жүзеге асқанын мысалыға алуға болады.