Клиенттердің атынан кредит рәсімдеп жүрген банк қызметкері ұсталды

1103

Қазірге дейін полицияға алаяқтың құрбаны болған 4 адам жүгінген. 

Клиенттердің атынан кредит рәсімдеп жүрген банк қызметкері ұсталды

Қостанай облысында клиенттердің құжатының көшірмесін пайдаланып, олардың атынан кредит рәсімдеп жүрген коммерциялық банктің қызметкерін ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Лисаковск қаласының банкте жұмыс істеп жүрген 25 жасар тұрғыны клиенттердің құжат көшірмелерін пайдаланып, олардың атынан микрокредит рәсемдеген, ал алған қаражатты жеке мақсатына пайдаланған", – делінген хабарламада.

Қазірге дейін полицияға алаяқтың құрбаны болған 4 адам жүгінген. Оларға 500 мың теңгеден көп көлемде зиян келген.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу