Клиенттеріне билет ақшасын қайтармаған "Bek Air-дің" үстінен сотқа шағым түсті

915

Әуе компаниясы 20 адамға 444 434 теңге қайтару керек. 

Клиенттеріне билет ақшасын қайтармаған "Bek Air-дің" үстінен сотқа шағым түсті

Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Bek Air компаниясының үстінен сотқа талап арыз түсіргендігін хабарлады.

Комитет компания клиенттерінің құқығын қорғамақ. 31 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының сотына түсірілген арызда "Бек-Эйр" рейстер тоқтатылуына байланысты клиенттер кері қайтарған авиабилеттердің ақшасын бермегендігі айтылған.

Комитетке ақшасын ала алмай жүрген 20 адам шағымданыпты. Оларға әуе компаниясы жалпы 444 434 теңгені қайтару керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу