Климат мәселесі шешілмесе, әлемдік экономиканың болашағы бұлыңғыр

941

Қытай экономикасы осы ғасырдың ортасына қарай 24%-ға, АҚШ-тыкі 10 %-ға және Еуропаныкі 11 %-ға дейін қысқаруы ықтимал. 

Климат мәселесі шешілмесе, әлемдік экономиканың болашағы бұлыңғыр

Егер климат мәселесі шешілмесе, әлемдік экономиканың болашағы бұлыңғыр болады деген пікірде Swiss Re Institute компаниясы, деп хабарлайды inbusiness.kz  Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 2050 жылға қарай жаһандық ЖІӨ шамамен 20%-ға қысқаруы мүмкін. 

Компанияның есебіне сүйенсек, Қытай экономикасы осы ғасырдың ортасына қарай 24%-ға, АҚШ-тыкі 10 %-ға және Еуропаныкі 11 %-ға дейін қысқаруы ықтимал. 
Сарапшылардың айтуынша, жаһандық климаттың жылуы табиғи апаттардың салдарын күшейтіп, уақыт өте келе кірістер мен өнімділіктің айтарлықтай азаюына әкеліп соғуы мүмкін. Температураның көтерілуінен әсіресе экваторлық аймақтарда орналасқан дамушы елдер басқаларға қарағанда қатты зардап шекпек.
2015 жылы 200-ге жуық ел жаһандық климаттың жылумен күресу үшін климат жөніндегі Париж келісіміне қол қойған еді. ЕО 2050 жылға қарай өз экономикасын көміртекті шығармайтындай етуді көздеп отыр. Қазақстан 2016 жылғы 3 тамызда Париж келісіміне қол қойып, 4 қарашада оны ратификациялады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу