Климаттық өзгерістердің алдын алуда ортақ шешімге келді

1325

Климаттық өзгерістердің алдын алуда ортақ шешімге келді

"Тұрақты энергетиканың сын-қатерлерін шешу" атты министрлер конференциясы аясында "Энергетика-Климат-Азық-түлік байланысы: Циркулярлық экономикаға қарай қозғалыс" тақырыбында министрлер диалогы өтті.

Дискуссияға ЮНЕП атқарушы директоры (1998-2006) Клаус Топфер, Рим клубының бас хатшысы Граеме Макстон, Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов, Малайзияның энергетика, жасыл технологиялар және су өнеркәсібінің министрі Максимус Джонити Онгкили, Пәкістанның су ресурстары және энергетика федералды министрі Хаваджа Мухаммад Асиф, Арменияның энергетикалық инфрақұрылым және табиғи ресурстар министрі Ашот Манукян, Грузия энергетика министрінің орынбасары Илья Элошвили, экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Халил Ибрахим Акча қатысты.

Рим клубының бас хатшысы климаттың өзгеруіне бейжай қарау мүмкін емес екенін баса айтты. "Төрт жылдан кейін ауаға көмірқышқыл газын соншылықты көп шығару салдарынан орташа температура өндірістік дауыл басталған кезбен салыстырғанда 1,5 градусқа жоғары болады. Осы өзгерістерден кейін маржандар өле бастайды", - деді Граеме Макстон.

Климаттың өзгеруі әлеуметтік салдарға әкеп соғады, ол ең алдымен азық-түлік өндірісіне әсер етеді. "Бұл қазір Жерорта теңізінде болып жатқан жағдай. Сирияда сегіз жыл бойы құрғақшылық болып, халық даладан қалаға көше бастады. Ал бұл қиындықтарға әкеліп соқты", - деп мысал келтіріп кетті Граеме Макстон.

Малайзияның энергетика, жасыл технологиялар және су өнеркәсібінің министрі Максимус Джонити Онгкили Малайзияда соңғы 15 жылда энергетика және су мәселелері қатар шешіліп келе жатқанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу