Климаттың өзгеруі дауылдардың күшеюіне әкеледі – ғалымдар

155

Берил, Хелен және Милтон дауылдары ең жойқын болып есептелінеді.  

Климаттың өзгеруі дауылдардың күшеюіне әкеледі – ғалымдар Фото: РБК

Климаттың өзгеруі бүкіл дүние жүзінде дауылдарды орташа есеппен сағатына 29 км-ге жылдамдатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD_Russian порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар климаттың өзгеруі дауылдардың күшеюіне әкеледі деген қорытындыға келіп отыр. Соңғы алты жылда Атлантикалық дауылдардың жел жылдамдығы орта есеппен 29 км/сағ өсті.

Environmental Research:Climate журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2019 жылдан 2023 жылға дейін жел жылдамдығының жоғарылауына байланысты 40 дауыл Саффир-Симпсон шкаласы бойынша бір сатыға жоғарылаған.

Климаттанушы Дэниел Гиффордтың сөзінше, Атлант мұхитының температурасы Цельсий шкаласы бойынша 2-3 градусқа, ал кейбір жерлерде 4 градусқа дейін өскен.

Осы жылғы ең жойқын дауылдардың қатарына Берил, Хелен және Милтон дауылдарын жатқызуға болады. Климаттың өзгеруінен олар 26-39 км/сағ күшейе түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу