Климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек – БҰҰ

382

АҚШ пен Қытай – ауаға парниктік газды ең көп шығаратын елдер. 

Климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек – БҰҰ Фото: АР

Әлем елдері климаттың өзгеруімен күресті күшейту керек. Бұл туралы БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде АҚШ-тың климат жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі AP-ға сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, бұл үшін мемлекеттер қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір және басқа да пайдалы қазбаларға тәуелділікті азайту қажет.

Айта кетейік, 200-ге жуық мемлекет климаттың өзгеруімен күресу үшін 2015 жылы Париж келісіміне қол қойған. Ал, АҚШ пен Қытай – ауаға парниктік газды ең көп шығаратын елдер.

"Қазір климаттың өзгеруі әлемнің қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Осы дағдарыстан Жер шарымызда жыл сайын миллиондаған адам көз жұмады. Ал әлем елдері миллиардтаған доллар шығынға батады. Сондықтан мәселені шешу үшін бірлесіп әрекет етуіміз керек", - деді АҚШ-тың климат мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Джон Керри.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу