Ключевская Сопка жанартауына шықпақ болған 9 адам қаза тапты

578

5 қыркүйекте құтқарушылар бар тікұшақ төртінші мүмкіндіктен соң ғана Ключевская сопка жанартауының баурайына қонды. Құтқарушылар тобына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтіруде.

Ключевская Сопка жанартауына шықпақ болған 9 адам қаза тапты

Камчаткада Ключевская Сопка жанартауына көтерілмек болған 9 адам көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz lenta.ru-ға сілтеме жасап. 

12 адамның тек үшеуі ғана аман.

"Ресей Төтенше жағдай министрлігінің Ми-8 тікұшағы Ключевская вулканына іздестіру-құтқару жасағының жеке құрамын 1663 метрге дейін жеткізді. Ауа райының қолайсыздығы оларды үлкен биіктікке түсіруге мүмкіндік бермеді", - деп жазылған хабарламада . 

Осыған дейін 8 адам қаза тапқаны туралы айтылған. Топтың тағы бір мүшесінің көз жұмғаны туралы оның әріптесі хабарлады. Екеуі 4158 метр биіктікте орналасқан шатырдың төбесінде құтқарушыларды күткен.

Бұдан бөлек Иван Алабугин 3300 метрде орналасқан үйде тағы екі туристің тірі екенін хабарлады. 

Айта кетейік, тауға шықпақ болған 12 адамның ішінде 10 турист, 2 гид болған. Олар 30 тамыздан бастап Камчаткадағы Ключевская Сопка жанартауына қарай беттеген. Туристердің бесеуі 3 қыркүйекте 4 150 метр биіктіктен құлап қайтыс болған. Одан кейін ес-түссіз жатқан тағы бір адам көз жұмған. Жексенбі күні кешке марқұм болғандардың саны 8 адамға жеткені белгілі болды.  

Фото: 1sn.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу