ҚМА: Атырау облысында сары май 40% арзандады

528

Өңірлік Экономикалық тергеу департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен іс-қимылының арқасында Атырау облысында сары май бағасы шамамен 40 пайызға төмендеді.  

ҚМА: Атырау облысында сары май 40% арзандады Фото: 7ya.ru

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаменті мен Мемлекеттік кірістер департаментінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде электронды шот-фактура базасы арқылы жүргізілген талдауда облыстағы екі супермаркетте 82-104% үстеме бағамен сары май жеткізген "АтырауПробСнаб" көтерме жеткізуші анықталды. "Атырау Обснаб" ЖШС лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сауда желісі осы тауарды тікелей өндірушіден сатып алуға көшті. Қабылданған шаралар нәтижесінде "Майлылығы 72,5%-дық Верхний Услон" (5 келі) сары май бағасы өндіруші тараптан 2690 теңгеден 1680 теңгеге дейін (37,5%-ға) төмендетілді", - делінген хабарламада.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру жұмыстары алғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу