ҚМА бірнеше аймақта заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру фактілерін тергеуде

454

Онлайн-казино түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚМА-да тіркелді.  

ҚМА бірнеше аймақта заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру фактілерін тергеуде Фото: Openbusiness.ru

Ойындарға қатысу сайттарда жарияланған Telegram арнасында жарна төлеу үшін жасалған сілтеме арқылы іске асты.

Төлем картшоттарға және электрондық әмиянға жіберілген, оны толтырғаннан кейін ойындарға қатысу үшін логин мен пароль жасақталады. Бәс тігулер мен ұтыстарды төлеу шетелдік тұлғалардың картшоттары арқылы жүзеге асырылды.

Атырау, Ақтөбе және Ақтау қалаларының аумағында тінту жүргізіліп, оның барысында заттай айғақтар – ойын бағдарламалары бар ноутбуктер, шетелдік тұлғалар мен Қазақстан азаматтарына берілген банктік қосымшалары бар телефондар алынды.

Барлық жылжымалы және жылжымайтын мүлікке жалпы сомасы 167 млн теңгеге тыйым салынды.

Ұйымдастырушылар мен қатысы бар тұлғаларға тиесілі екінші деңгейлі банктердегі барлық шоттарға тыйым салынды. "Онлайн" құмар ойындары тәулік бойы жүргізіліп, күнделікті айналымы шамамен 800 000 теңгені құраған.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға пайдаланылған карт шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы 3 млрд теңгеден асады.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Оларға қатысты сот 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚМА азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен – лудоманиядан қорғау жұмысын жалғастырады.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептелед

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу