Агенттік төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың айтуынша, кей келісімшарттарда қарапайым кеңсе скотчының бағасы 2 теңгеден 99 мың теңгеге дейін көрсетілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұндай фактілер негізінен құны 393 мың теңгеге дейінгі ұсақ сатып алулар кезінде тіркеліп отыр.
ҚМА тексерісі барысында 8 мыңнан астам келісімшарт талданып, жалпы сомасы 8,3 миллиард теңге болған сатып алулардың шамамен 4 миллиард теңгесінде баға негізсіз жоғары көрсетілгені анықталған.
Кей жағдайларда жеткізілген тауарлар техникалық сипаттамаға еш сәйкес келмеген. Агенттік мемлекеттік сатып алу платформаларында баға қалыптастыру тетігі дұрыс жұмыс істемейтінін айтып, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу үшін бақылауды күшейтетінін мәлімдеді.