ҚМА Ресейден көліктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті

555

Ақмола облысында ұрланған көлік құралдарын тіркеу және сатумен айналысқан топқа қатысты сот үкімі шықты.

ҚМА Ресейден көліктерді заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті Фото: inbusiness.kz

Үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпаратқа сәйкес, агенттіктің облыстық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстанға заңсыз жолмен көлік құралдарын әкелген азаматтардың әрекетін әшкереледі.

"Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып,  кейіннен оларға жалған құжаттар жасалып, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өтпей Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған. Сот үкімімен үш азамат 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу