ҚМА: TikTok-та заңсыз құмар ойындар көбеюде

496

Қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар.

ҚМА: TikTok-та заңсыз құмар ойындар көбеюде Фото: SBS CIS

TikTok әлеуметтік желісінің қазақстандық сегментінде заңсыз құмар ойындар жиілеп, елде жыл басынан бері 2 мыңнан астам онлайн казино бұғатталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, 2019 жылдан бастап заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактілері бойынша өндірісте 1 148 іс болды, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталды. 

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде соңғы 5 жылда тіркелген істер санының 5,5 есеге төмендеуі байқалады.

Жыл сайын анықталатын заңсыз ойын терминалдарының саны 16 есеге – 1260-тан 76-ға дейін азайды.

Бұл ретте заңсыз ойын терминалдары бойынша қылмыстық істердің саны 2019 жылы 208-ден биыл 28-ге дейін, яғни 7 есеге азайды.

Сонымен қатар, үй-жайларды жалға берушілерді жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Астыртын казино қызметін тоқтатуға бағытталған жұмыс шеңберінде анықталған құқық бұзушылықтар санын 2019 жылғы 35-тен, биыл12-ге дейін яғни, 3 есеге азайтуға мүмкіндік туды.

Сонымен қатар, заңды букмекерлік кеңселер атын жамылған, заңсыз ойын сайттарының 4 фактісі анықталды.

Алаяқтар белгілі букмекерлік кеңселердің атауларын (домендерін) қосымша аббревиатуралар қосу арқылы өзгерткен.

Атап айтқанда, белгілі букмекерлік кеңсенің атымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша тергеу басталды.

Биыл "TikTok" желісінде құмар ойындардың онлайн трансляциясы жанданды. Айта кетейік, қатысушылардың басым көпшілігі кәмелетке толмағандар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде ұйымдастырушылардың 177 аккаунты анықталды. Ойыншылардың күнделікті саны мыңдаған адамдармен өлшенді.

10 ұйымдастырушыға қатысты 5 қылмыстық іс қозғалды, оның 3-і бойынша үкімдер шықты (қалған істердің тергеуі жалғасуда).

4 адам бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдеріне (4 жылдан) және 2 адам бас бостандығын шектеуге (1,5 жылдан) сотталды.

Ақпарат комитетімен және желі иесімен бірлесіп, "TikTok" платформасының жасанды интеллектісінің жұмысы жолға қойылды, бұл заңсыз контент эфирін жедел бұғаттауға мүмкіндік береді.

Құмар ойындарды тарататын жаңа аккаунттар қысқа мерзімде автоматты түрде бұғатталады.

Алдын алу шаралары шеңберінде Агенттік IT-құралдарды пайдалана отырып, интернет-кеңістікте (жаңалықтар порталдары, блогтар, сайттар және әлеуметтік желілердің аккаунттары) құқыққа қайшы мазмұнды ақпаратты іздеуді жүзеге асыруда.

2022 жылы 5,5 мың онлайн-казино сайттары мен аккаунттары, биыл – 2 мыңнан аса сайт бұғатталды.

Агенттік Ақпарат комитетімен (АҚДМ) және ҰҚК МТҚ-мен бірлесіп онлайн-казиноның "көшірме" сайттарын (жаңадан құрылатын) жедел бұғаттау туралы шешім қабылдады, "Кибербақылау" жүйесіндегі сайттарды бұғаттау алгоритмі 14 тәуліктен 1 күнге дейін жеңілдетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу