ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды

338

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыратын туроператорларды іріктеу қорытындысын жариялады.  

ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды Фото: muftyat.kz

Нәтижесінде қажылық сапарын ұйымдастыруға төрт туроператор лайық деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Олар: "Атлас Туризм" ЖШС, "Нұрхан Тревел" ЖШС, "Тауаф Тревел" ЖШС және "Хикмет Тревел" ЖШС.

Іріктеу кезінде компаниялардың қажылық пен ұмра сапарларын ұйымдастырудағы тәжірибесі, қызмет көрсету көрсеткіштері, туркодтары мен лицензияларының жарамдылығы ескерілді.

Сондай-ақ туроператорлардың ұйымдастырушылық мүмкіндігі мен Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын талаптарға сәйкестігі бағаланды. Комиссия үміткерлерді балдық жүйе бойынша саралап, қажылық орындарын бөлді. Негізгі мақсат – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, олардың Сауд Арабиясындағы қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету.

Іріктеуден өтпеген туроператорларға да қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Олар белгіленген тәртіппен аталған төрт компанияның бірімен субагенттік негізде жұмыс істей алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу